Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
07 Тамыз 2026

АБАЙ СӨЗІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕ ЖАҢАДАН ТЫНЫС АЛДЫ!

​Бүгін біз Абай күнін ерекше форматта атап өттік! Хакім Абай - біздің ұлттық кодымыз бен рухани темірқазығымыз. Ал XXI ғасырда ұлы ақынның мұрасы жасанды интеллект, IT-технологиялар мен смартфондар тілінде қалай дыбысталады? ​Осы сұраққа жауап іздеп, оқырмандарымыз бен білімді де тапқыр жастарымыздың басын қосқан «Абайдың цифрлық ізі» атты интерактивті кеш өткіздік! ​Кеште оқырмандар екі топқа бөліп, бақ сынасты. Сайысқа қатысқан «Жан Құмары» және «Нұрлы Ақыл» командалары тек әдеби білімдерін ғана емес, жылдамдық пен логикасын да дәлелдеді: ​ Emoji-квиз бөлімінде эмодзи арқылы жасырылған «Көзімнің қарасы», «Қыс» сияқты туындыларды лезде тапты. ​QR-кодтар құпиясы: Смартфонмен кодтарды сканерлеп, 7, 17, 30-қара сөздердегі терең мағынаны ашты; ​Музыкалық код: Абай әндерінің заманауи (lo-fi, рок, жаз) кавер нұсқаларын тыңдап, бірден таныды; ​ Инфографика: Экрандағы 45, 1845, 176, 3 сандарының сандық сырын шешті! ​Ұлы Абай айтқандай: «Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады». Цифрлық әлемде де жүрегіміз «нұрлы ақылға», «ыстық қайратқа», «жылы жүрекке»толы болсын! ​Смартфон экранынан Абайдың бір ауыз сөзін оқып, ой түйсек — бұл бүгінгі күннің ең үлкен жеңісі! ​Абай күні құтты болсын! Абайды оқыңыз, цифрлық кеңістікте Абай сөзін таратыңыз!

#АбайКүні #АбайдыңЦифрлықІзі #НұрлыАқыл #ЖастарЖарысы