Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
17 Қыркүйек 2026

Мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, мәдениет жанашыры Өзбекәлі Жәнібектің 95 жылдығына және филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдық мерейтойына орай олардың туған жері — қасиетті Отырарда «Руханият пен тіл

Мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, мәдениет жанашыры Өзбекәлі Жәнібектің 95 жылдығына және филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдық мерейтойына орай олардың туған жері — қасиетті Отырарда «Руханият пен тіл: Өзбекәлі Жәнібек және Өмірзақ Айтбаев тағылымы» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.

Қос тұлғаның ел тарихы, ұлттық мәдениет, тіл білімі мен руханият саласына сіңірген еңбегі — халқымыздың рухани қазынасының алтын қорынан орын алған асыл мұра.

Осы тағылымды шара аясында Отырар кітапханасы «Ұлт руханиятының қос тұғыры» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге Өзбекәлі Жәнібектің ұлттық мәдениет пен тарихи мұраны жаңғырту жолындағы еңбектері, халқымыздың салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын дәріптеген зерттеулері, сондай-ақ Өмірзақ Айтбаевтың тіл біліміне арналған ғылыми еңбектері мен қазақ тілінің мәртебесін көтеруге қосқан мол мұрасы қойылды.

Өзбекәлі Жәнібек — ұлттың тарихи жадын жаңғыртқан қайраткер болса, Өмірзақ Айтбаев — ана тілінің айбынын асқақтатқан ғалым. Бірі — мәдениеттің мәйегін сақтап, ұлттық құндылықтарды ұлықтаса, бірі — тілдің тағдырын елдің тағдырымен сабақтастыра білді.

Сондықтан олардың есімі мен еңбегі — уақыт өткен сайын қадірі арта түсетін рухани мұра.

«Ұлт руханиятының қос тұғыры» атты кітап көрмесі — қос алыптың өнегелі жолын насихаттап, кейінгі ұрпақты елдікке, білімге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге үндейтін тағылымды бастама.

Ұлт руханиятының биігіне көтерілген қос тұлғаның ғибратты ғұмыры — ел жадында мәңгі сақталмақ!