Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 Jun 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күні ретінде белгіленді.

#ҰлттықКітапКүні2026

#НациональныйДеньКниги2026

#Кітапханашыларкүні

#kz_кітапханашылары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күні ретінде белгіленді. Бұл – кітапқа деген құрметтің, рухани жаңғырудың, ұлттық ой-сана мен мәдениеттің тағы бір жарқын көрінісі!

Осыған орай 16-23 сәуір аралығында кітап апталығы басталды.

📍Ұлттық кітап күніне орай кітапханамызда «Артық білім кітапта...» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті.

📍Руханияттың алтын діңгегі – кітапқа деген құрмет пен ілтипатты дәріптеген бұл тағылымды кештің шымылдығын Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Құттыбай Сағынтай Тәтібайұлы ашып, кітаптың сиқырлы әлемі мен оның адам өміріндегі мәнін терең сөздермен жеткізді.

📍Шара аясында «Ұлт руханиятының негізі - кітап» атты кең көлемде кітап көрмесінің таныстырылымы өтті. Кітап көрмесінің таныстырылымы оқырман қауымды ерекше әсерге бөледі. Кітапханашыларымыз көрмеге қойылған әрбір кітаптың тарихы мен тағылымын таныстыра отырып, жиналған қауымды рухани біліммен сусындатты.

📍Кештің көркемдік тынысын арттырған “Отырар әдебиеті және өнері” бірлестігінің ақындары жүрек түкпірінен туған сырлы жырларын оқып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

📍Ал үздік оқырмандар өздерінің шынайы тілектерін арнап, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін әсерлі жеткізді.

📍Шара барысында ұйымдастырылған «Әдеби лото» ойыны қатысушылардың танымын кеңейтіп, әдебиетке деген қызығушылықты одан әрі арттыра түсті. Сонымен қатар, әншілер әуелете ән шырқап, мерекелік кештің шырайын кіргізіп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Кітаптардың алтын қазынасы насихатталған бұл кеш – тек әдебиет пен мәдениеттің мерекесі ғана емес, сонымен қатар, барлық қатысушылардың жүрегінде мәңгілік із қалдырған сәт болды.

📍Кітап салтанаты сән түзеген серігің құрметті оқырман! Ал кітапхана – парасаттың ең биік ғимараты. Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана ғасырлар бойы жасайтын руханият ордасы болып қала бермек. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек ұрпақ асыл бастауымыздан нәр алып, сусындай берсін! Ұрпағымыз «бір» өмірді емес, кітап оқып «мың» өмірді көрсін десеңіз кітапхана есігі сіздер үшін айқара ашық.

Бүгінгі мереке тағы да құтты болсын!