Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 Jun 2026

«Тағдыр тағылымы – өткеннен өнеге өрген шығарма»

📚Артында мәңгі мұра, өшпес із қалдырған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, ұлт мәдениетін жаңғыртушы Өзбекәлі Жәнібектің туғанына биыл 95 жыл толып отыр. Осыған орай №1 Жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары арасында Өзбекәлі Жәнібектің «Тағдыр тағылымы» кітабы бойынша «Тағдыр тағылымы – өткеннен өнеге өрген шығарма» атты оқырмандар конференциясы болып өтті.

📚Шара барысында Өзбекәлі Жәнібектің елдің өткені мен бүгінін жалғаған, ұлт мәдениетіне жан бітірген ерен еңбектері туралы айтылып, арнайы бейнекөрініс көрсетілді. Оқырмандар тақырып аясында ойларын ортаға салып, кітаптың тәрбиелік мәні зор шығарман екендігін айтып өтті.

📚Ұлттық мемлекетіміздің қайтадан қалпына келтіріліп, тәуелсіз даму жолына түсуіне де Өзбекәлі Жәнібектің сіңірген еңбегі ерекше. Отырардай қасиетті өңірде дүниеге келіп, Әл-Фарабидей бабасын ұстаз тұтып, ата-баба дәстүрімен сусындап өскен Өзбекәлі Жәнібек қазақтану ғылымының қара нарына, ұлт мақтанышына айналды. Рух сардарының өнегелі өмірі -кейінгі ұрпаққа шамшырақ, ал оның өшпес мұрасы - қазақ руханиятының мәңгілік қазынасы.