Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
14 Oct 2026

«Туған жерді шексіз сүй» жобасы аясында Отырар кітапханасының қызметкерлері №1 Жайлы жалпы білім беретін мектептің 9–10 сынып оқушылары арасында «Туған жер – жүрек төріндегі мекен» атты саяхат сабағы өткізілді

Сабақ барысында туған өлкеміздің тарихынан сыр шертетін Отырар төбе, Арыстанбаб кесенесі, Пышақшы төбе және басқа да тарихи орындар туралы мағлұматтар берілді. Оқушылар өлкеміздегі киелі орындармен танысып, туған жердің тарихы мен мәдениетінің маңызын тереңірек түсінді.

Туған жер – әр адамның жүрегіне ең жақын, қадірі ерекше қасиетті мекен. Оның әрбір тасы мен төбесінде өткен тарихтың ізі, халқымыздың тағылымды шежіресі жатыр. Тарихи орындарды танып-білу – өткенімізді құрметтеп, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеудің жарқын көрінісі.

Осындай танымдық шаралардың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, тарихи мұраларымызды құрметтеуге тәрбиелеу және елжандылық сезімін қалыптастыру.

Туған жерін таныған ұрпақ – тарихын құрметтейді, тарихын құрметтеген ұрпақ – болашағын бағалайды!

Туған өлкеміздің бай мұрасын танып, оны келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.