Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 Jul 2026

ОТЫРАР КІТАПХАНАСЫ

ОТЫРАР КІТАПХАНАСЫ 

ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап - Библиотека аль-Фараби | Казахский  национальный университет имени аль-Фараби 

Әдебиет  әлеміндегі  жүз  белес 

/ұсыныстық көрсеткіш/ 

Отырар 2026 

«Әдебиет әлеміндегі жүз белес»/ұсыныстық көрсеткіш/. – Отырар кітапханасы, Ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі.  

Құрастырған: Р.Мақтабекова.  – Отырар, 2026 жыл. 

Алғы сөз 

Кітап – ұлттың рухани қазынасы, халықтың тарихи жадын сақтайтын баға жетпес мұра. Кітап оқу арқылы адам өз білімін арттырып қана қоймай, елінің мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын терең таниды. 

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен  жүзеге асқан «Ұлт болып оқитын 100 кітап» жобасы – оқырманды сапалы әдебиетке баулып, қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармаларын насихаттауға бағытталған маңызды жоба. Бұл кітаптарда халқымыздың өткені, бүгінгі өмірі, адамгершілік қасиеттері мен ұлттық болмысы кеңінен көрініс табады. 

Ұсынылып отырған кітапшада  аталмыш жоба аясында таңдалған,  ұлт руханиятына үлес қосқан көркем шығармалар туралы қысқаша мәліметтер беріліп, оқырманға әдеби мұраны таныстыру мақсаты көзделді. 

Кітап оқитын, ойлы ұрпақ – елдің болашағы. Ендеше кітап әлеміне сапарларыңыз сәтті болсын! 

      Автор: Ілияс Есенберлин 

     Шығарма: «Көшпенділер» 

Көшпенділер романында  қазақ халқының ХV-ХІХ ғасырлар аралығындағы тарихы, ел болып қалыптасуы, хандықтың құрылуы, ішкі тартыстар мен сыртқы жаулармен күресі суреттеледі. 

Кемел Тоқаев — Купить книги К. Тоқаев 

   Автор: Кемел Тоқаев 

   Шығарма: «Түнде атылған оқ»  

Повесте әділдік, адалдық, заңды қорғау және адам бойындағы жауапкершілік мәселелері көтеріледі. Тәртіп сақшыларының тергеу жұмыстары баяндалады. 

Махаббат, қызық мол жылдар 

   Шығарма: «Махаббат, қызық              

                        мол жылдар» 

  Автор: Әзілхан Нұршайықов 

Меңтай – әдепті, ақылды, адамгершілігі мол қазақ қызы. Оның бойынан ұяңдық, мейірімділік, тазалық және адалдық сияқты қасиеттер көрінеді. Ол – оқырманға үлгі болатын, нәзік те қайсар әйел бейнесі.  

    Шығарма: Шырағың сөнбесін» 

   Автор: Тахауи Ахтанов 

Шығармада Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әйелінің тағдыры, аналық махаббаты мен төзімі суреттеледі. 

Ай мен Айша — Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза 

             Автор: Шерхан Мұртаза 

             Шығарма: «Ай мен Айша» 

Романда жазушының балалық шағы, анасы Айшаның тағдыры және қазақ халқының қиын кезеңдері суреттеледі.  

  Автор: Әкім Тарази 

  Шығарма: «Қорқау жұлдыз»  

Шығармада жас мұғалім қыз Лима бейнесі арқылы қоғамдағы әділетсіздік, қатыгездік, жалған түсініктер көрсетіледі. Рухани құндылықтардың маңызын ашады. 

          Автор: Асқар Сүлейменов 

          Шығарма: «Бесатар» 

 «Бесатар» — егемендік жолындағы ауыр, тайғақ кешулердің айқын көрінісі мен нағыз патриотизм бейнеленген ерекше шығарма.  

Бұл повесть - қазақ халқының басынан өткен әділетсіздіктерді ашық көрсеткен, шынайы туынды. 

     Автор: Смағұл Елубай 

     Шығарма: «Ақ боз үй» 

         Ақ боз үй – 1930 жылдардағы қазақ халқының басынан өткен ашаршылық пен ұжымдастыру қасіретін суреттейтін роман.    

        Шығармадағы басты кейіпкерлер – Пахраддин би, Хансұлу, Шеге. 

Автор: Бердібек Соқпақбаев 

Шығарма: «Менің атым Қожа» 

Повесте балалық шақ, тәрбие, достық және адам болып қалыптасу мәселелері баяндалады. Негізгі кейіпкер – ақылды да тентек Қожаберген. 

   Автор: Сайын Мұратбеков 

   Шығарма: «Жабайы Алма» 

Жабайы Алма – соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, балалық шақтың қиындықтары мен адам тағдырын суреттейді. Оқиға кішкентай баланың көзімен баяндалады. 

         Автор: Роза Мұқанова 

        Шығарма: «Мәңгілік бала бейне» 

 «Мәңгілік бала бейне» шығармасы-  Семей полигонының зардабы,  16-17 жасар Ләйлә қыздың қасіретті тағдыры мен ана махаббаты туралы баяндайтын трагедиялық туынды.  

   Автор: Міржақып Дулатов 

   Шығарма: «Бақытсыз Жамал» 

Бақытсыз Жамал - әйел теңсіздігін, қалың мал, ескі салттың зардабы туралы баяндайды. Басты кейіпкер – Жамал ақылды, білімге құштар, еркін өмірді армандайтын қыз.  

        Автор: Жүсіпбек Аймауытов 

        Шығарма: «Ақбілек» 

Романда қазақ қызы Ақбілектің тағдыры. Өмірдегі қиындықтарды жеңіп, рухани жаңаруы баяндалады. Басты кейіпкерлері: Ақбілек, Балташ, Мамырбай, Өрік.  

   Автор: Бейімбет Майлин 

   Шығарма: «Шұғаның белгісі»  

Шығармада шынайы махаббат, адам тағдыры, әлеуметтік теңсіздік және ескі салттың зардабы көрсетіледі.  

Басты кейіпкерлер: Шұға мен Әбдірахман. 

           Автор: Ғабит Мүсірепов 

           Шығарма: «Ұлпан» 

Ұлпан  -  тарихи-әлеуметтік роман. Романда ХІХ ғасырдағы қазақ даласындағы ел өмірі, салт-дәстүрі және әйел тағдыры суреттеледі.  

Басты кейіпкер: ақылды, парасатты, қайсар қыз – Ұлпан.  

   Автор: Бауыржан Момышұлы 

   Шығарма: «Ұшқан ұя» 

Ұшқан ұя – өмірбаяндық шығарма, Мұнда Бауыржан Момышұлының балалық шағы, өскен ортасы, отбасы тәрбиесі мен туған ауылының салт-дәстүрі баяндалады. 

Автор әжесі мен әкесінен алған тәлім-тәрбиесін әсерлі суреттейді.  

Автор: Сафуан Шаймерденов 

Шығарма: «Инеш» 

Шығармада студент жастардың өмірі, олардың арман-мақсаты, махаббат пен достық қарым-қатынасы суреттеледі. Басты кейіпкер: Инеш – білімге ұмтылған ақылды, тәрбиелі қыз. 

   Автор: Өтежан Нұрғалиев 

   Шығарма: «Соғыстың соңғы жазы» 

Шығармада Ұлы Отан соғысының соңғы кезеңіндегі қазақ ауылының тіршілігі баяндалады. Негізгі мақсаты-соғыс кезіндегі халықтың ерлігі мен төзімін, бейбіт өмірдің қадірін көрсету.   

Автор: Қабдеш Жұмаділов 

Шығарма: «Соңғы көш» 

Романда ХХ ғасырдың басындағы Қытайдағы қазақтардың тағдыры, ел басына түскен ауыр кезеңдер суреттеледі.  

Басты кейіпкер: Демежан – ел тағдырын ойлаған тұлға.  

   Автор: Сәкен Жүнісов 

   Шығарма: «Ақан сері» 

Романда қазақтың әйгілі ақыны, әнші-композиторы Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен өнер жолы баяндалады.                  Ақан сері – сұлу әндерімен, ақындық талантымен елге танылған өнерпаз.  

     Автор: Саттар Ерубаев 

     Шығарма: «Менің құрдастарым» 

Шығармада 1930 жылдардағы қазақ жастарының өмірі, олардың еңбек жолы, арман-мақсаты мен жаңа қоғам құруға деген талпынысы суреттеледі. Басты кейіпкер Рақмет – білімге ұмтылған, жігерлі жас. 

        Автор: Тәкен Әлімқұлрв 

       Шығарма: «Қараой» 

Қараой –  Батыр, жырау                     Махамбет Өтемісұлының соңғы панасы болған жердің атауы. Шығармада азаттық үшін күрескен ақынның өкінішке толы соңғы сәттері, жаулар қолынан қаза табуы көркем тілмен бейнеленеді. 

Автор: Қалтай Мұхамеджанов 

Шығарма: «Көктөбедегі кездесу» 

Пьесада Көктөбе басында  бас қосқан бұрынғы сыныптастардың кездесуі баяндалады. Кездесу барысында олардың өмір жолы, адамдық қасиеттері, шынайылық туралы баяндалады. 

   Автор: Әбдіжәміл Нұрпейісов 

   Шығарма: «Қан мен тер» 

Романда Арал өңіріндегі балықшы халықтың төңкеріс алдындағы және азамат соғысы кезіндегі тағдыры суреттеледі. Мұнда қарапайым халықтың ауыр тұрмысы мен қоғам қайшылықтары көрініс тапқан. 

Автор: Ғафу Қайырбеков 

Шығарма: «Жұлдызды тағдырлар» 

Бұл шығармада ақын адамзат тарихында із қалдырған ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылық жолын жырлайды.Олардың халыққа қызмет еткен рухани мұрасын көрсетеді.  

Автор: Әнуар Әлімжанов 

Шығарма: «Ұстаздың оралуы» 

Шығармада әлемге әйгілі ғұлама                 Әбу Нәсір әл-Фарабидің өмір жолы, ғылымға ұмтылысы, білім іздеп жасаған сапарлары суреттеледі. Оқиғалар ортағасырлық Орта Азия мен Таяу Шығыс  қалаларында өтеді.  

Автор: Мұхтар Мағауин 

                Шығарма: «Аласапыран»      

Романда ХҮІ ғасырдың соңы-ХҮІІ ғасырдың басындағы қазақ хандығының саяси жағдайы, ел ішіндегі тартыстар, хандық билік үшін күрестер суреттеледі. Шығармадағы негізгі тұлға –                        Ораз-Мұхамед.       

   Автор: Қалихан Ысқақ 

   Шығарма: «Қоңыр күз еді» 

Повесте жетімдік, жалғыздық, бала көңілі, достық пен мейірім және адам тағдыры баяндалады. Алтайдың қоңыр күзі арқылыкейіпкерлердің ішкі жан-дүниесі көрсетіледі. 

     Автор: Төлен Әбдік 

     Шығарма: «Парасат майданы» 

Парасат майданы – философиялық-психологиялық шығарма. Мұнда ауруханада жатқан кейіпкердің күнделігі аорқылы адамның ішкі жан дүниесі, жақсылық пен жамандықтың күресі сөз болады.  

     Автор: Жүсіпбек Қорғасбек 

     Шығарма: «Жансебіл» 

Жансебіл шығармасында ауыл өмірі,  адам тағдыры, қарапайым жандардың  тіршілігі мен өмірге деген құштарлығы суреттеледі. Күрделі сәттерде адамдық қалпын сақтаудың маңызы ашылады.  

        Автор: Фариза Оңғарсынова 

        Шығарма: «Дауа» 

Ақынның бұл шығармасында адамның жан күйзелісі, махаббат, сағыныш, өмірдің мәні, адамдық сезімдер терең жырланады. Өмірдің қадірін бағалауды үйретеді. 

     Автор: Қасым Аманжолов 

     Шығарма: «Дариға, сол қыз» 

Бұл шығармада ақын соғыс жылдарындағы ауыр кезеңді, жауынгердің сағынышын, өмірге деген құштарлығын суреттейді. Дариға бейнесі – сағыныш пен арманның, үміттің символы ретінде беріледі.  

Автор: Мағжан Жұмабаев 

     Шығарма: «Мен жастарға сенемін» 

Өлеңде ақын жастарды елдің ертеңі, халықтың үміті ретінде суреттейді. Мағжан жас ұрпақтың қайратты, білімді, отаншыл боларына сенім артады.  

Кітап оқыған ұлт – ойы терең, рухы биік ұлт.  

Кітаппен бірге рухани әлемімізді байытып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптей берейік! 

Назарларыңызға ұсынылған әдебиеттерді толық оқығыларыңыз келсе,  

 Отырар кітапханасы сіздерді күтеді! 

Мекен жайымыз: 

 

Н. Оңдасынов көшесі, 2 

Аудандық орталық кітапхана 

Сымтетік:77-5-78 

Электронды пошта: Otrar_kitap@mail.ru