Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 Jul 2026

Аудандық орталық кітапханада ауылдық кітапханашылардың қатысуымен «Библиографиялық құралдар: жаңа формат, жаңа мазмұн» атты кеңес сағаты болып өтті.

Ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Р. Мақтабекова қазіргі ақпараттық қоғамда кітапхананың басты міндеттерінің бірі – оқырманға қажетті ақпаратты жедел, нақты және тартымды түрде ұсыну туралы сөз қозғап, осы міндетті жүзеге асыруда библиографиялық құралдардың маңызы ерекше екендігін айтып өтті. Сонымен қатар библиографиялық өнімдерді жаңа мазмұнмен толықтыру, электронды библиографиялық көрсеткіштер даярлау және QR – коды толықтырылған басылымдар мен цифрлық буклеттер сияқты заманауи форматтардың тиімділігі туралы айта келе, «Библиография әлеміне саяхат » атты іскерлік ойын ұйымдастырды.