Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
16 Маусым 2026

23 сәуір – «Ұлттық кітап күні» және Кітапханашылар күні мерекесіне орай Отырар кітапханасында «Кітап – рухани қазына, кітапханашы – руханият сақшысы» атты кітап апталығының жабылу салтанаты болып өтті.

#ҰлттықКітапКүні2026

#НациональныйДеньКниги2026

23 сәуір – «Ұлттық кітап күні» және Кітапханашылар күні мерекесіне орай Отырар кітапханасында «Кітап – рухани қазына, кітапханашы – руханият сақшысы» атты кітап апталығының жабылу салтанаты болып өтті.

Бұл мереке - руханияттың шамшырағы жанған, парасаттың ордасы болған киелі кітапхананың мерекесі. Кітап — адамзаттың ақыл-ойының айнасы, ғасырлардан жеткен үнсіз ұстаз. Ал кітапханашы — сол асыл мұраны сақтап, ұрпақ санасына сәуле құятын жан.

Бүгінгі кең көлемдегі кітап көрмесін таныстырудан бастау алған салтанатты кештің шымылдығын Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Құттыбай Сағынтай Тәтібайұлы құттықтау сөз сөйлеп ашты.

Кеш барысында руханияттың дамуына үлес қосып жүрген зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, айтулы күннің мазмұнына тоқтала келе, киелі мамандық иелеріне ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар кітапханашылар мен үздік оқырмандар марапатталып, мерекелік бағдарламаға ұласты.

Бүгінгі кеш – тек мерекелік басқосу ғана емес, кітапқа деген сүйіспеншіліктің, рухани байлыққа деген құрметтің жарқын көрінісі болды. Әрбір айтылған сөз, әрбір әсерлі сәт – жүрегімізде ұзақ сақталары анық.

Рухани байлығымыз толысып, кітапқа деген құрметіміз биіктей берсін!