Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
1
2
3

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Отбасы. Кітап. Кітапхана» жобасы аясында «Кітап – отбасының сенімді серігі» атты тақырыпта Шараповтар отбасында отбасылық оқу кеші өткізілді. Шара барысында отбасы мүшелері оқыған кітаптары туралы қызықты ойларымен бөлісіп, рухани құндылықтарды насихаттады. Кітап – білім мен тәрбиенің, рухани байлықтың қайнар көзі. Отбасымен бірге кітап оқу – жақындық пен өзара түсіністікті арттырып, балалардың білімге деген қызығушылығын қалыптастырады. Кітап әр отбасының ақылшысы, тәрбиешісі әрі сенімді серігі. Сондықтан отбасымызбен бірге кітап оқып, рухани байлығымызды арттырайық!