Отырар кітапханасының кітап қоры Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты жаңа жинағымен толықты.
Бұл жинаққа Мемлекет басшысының жылдар бойы айтқан таңдаулы сөздері мен ой-тұжырымдары топтастырылып, мақалалары, баяндамалары, сұхбаттары, сондай-ақ «Свет и тень», «Преодоление» атты кітаптарындағы пікірлері енгізілген.
Кітап — саясаткер, зиялы тұлғаның болмысын танытып, қазіргі мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын түсінуге көмектеседі.
Кітап саясаттанушыларға, зерттеушілерге, жастарға және жалпы оқырман қауымға арналған.
Кітапханамыздан оқи аласыздар.
#ОтырарКітапханасы #ТоқаевтыңСөздері #ЖаңаКітап
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.