Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
19 авг 2026

12 тамыз –Халықаралық жастар күні «Жастар және кітап: руханиятқа бастар жол»

12 тамыз – Халықаралық жастар күні болып 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітіліп, 2000 жылдан бастап жыл сайын әлем бойынша аталып өтеді.

📚Жастар күніне орай біздің кітаханамызда «Жастар және кітап: руханиятқа бастар жол» атты тағылымы мол интеллектуалды танымдық іс-шара өтті. Шараға аудандық жастар орталығы, Отбасын қолдау орталығының жастары және жас кітапханашылар қатысты.

📚Шара барысында қатысушылар екі командаға бөлініп, әдеби білімін, зеректігін, тапқырлығы мен шешендігін сынға салды.

📚«10 секунд», «Мұқабаны таны», «1 минут – 1 тақырып», «Кейіпкерді таны» секілді төрт кезеңнен тұрған тартысты сайыс барысында әр команда өз білімін ортаға салып, ұйымшылдық пен шапшаңдықтың үлгісін көрсетті.

📚Әдебиет әлеміне саяхат жасаған мазмұнды шара барысында жастар тек білімдерін сынап қана қоймай, кітаптың адам өміріндегі қадір-қасиетін тағы бір мәрте сезінді.

📚Шара соңында кітапхана директорының орынбасары Б.Жұмаділдә: «Кітап – көңілге ой, жүрекке нұр, санаға сәуле сыйлайтын рухани шамшырақ.Сол шамшырақтың жарығын жүрегіне жаққан әр жас – елдің ертеңіне жол бастар рухты тұлға»- деп келген жастарды бүгінгі мерекемен құттықтап өз тілегін білдірді.