Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
06 авг 2026

Аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Белсенді ұзақ өмір» орталығында жүрекке жылу сыйлап, ізгілікке үндейтін «Жаныңда жүр жақсы адам» атты оқырман бенефисі өтті

Бұл кеш – жай ғана іс-шара емес, кітапқа деген сүйіспеншілік пен адамгершілік асыл қасиеттер тоғысқан шынайы рухани сұхбат болды. Кеш кейіпкерлері – кітапты жанына серік етіп, парасат биігінен көрініп жүрген белсенді оқырмандарымыз – «Әжелер» алқасының төрайымы, зейнеткер-ұстаз – Тұрлыбекова Мейрамкүл және зейнеткер-дәрігер Өтебекова Рыскүл болды. Кеш шымылдығы жүрекке жол табар жылы лебіздермен ашылып, бенефис иелерінің өмір жолы мен оқырмандық парасатына кеңінен тоқталды. Кеш барысында замандастары мен қонақтар бенефис иелерінің азаматтық келбетіне, парасатты болмысына тоқталып, жүрекжарды естеліктерімен бөлісті. Кеш аясында ақын Бегаман Сұлтаев сиясы кеппеген өлең жолдарын оқыса, орталық қызметкері Бекбол әннен шашу шашты. Бұл кеш – жаны жомарт, көкірегі ояу, жаны жайсаң адамдардың арамызда жүргенін тағы бір мәрте дәлелдеп, жиналған қауымға ерекше дем мен рухани серпіліс сыйлады.