Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
17 сен 2026

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан тұжырымдамасы негізінде Қазақстанда алғаш рет республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафоны басталды.

Марафон 2026 жылғы қыркүйек пен 2027 жылғы сәуір аралығында қазақ және орыс тілдерінде 7 бағыт бойынша өтеді. Жобаға мектеп оқушылары, студенттер, педагогтер, отбасылар, мемлекеттік қызметшілер және барша азаматтар қатыса алады.

Қатысушылар арнайы іріктелген 330 кітаптың ішінен 15 кітап оқып, өз пікірлерін жариялайды. Қорытынды кезеңде тестілеу мен зияткерлік квиздер ұйымдастырылады.

🗓 Марафон: 2026 жылғы қыркүйек - 2027 жылғы сәуір

🔗 Тіркелу және толық ақпарат: www.reading-nation.kz