Skip to main content

"Otyrar audandyq ortalyqtandyrylğan "Otyrar" kıtaphana jüiesı" komunaldyq memlekettık mekemesı

  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 Mar 2026

Көркем әдебиет – адам жанының айнасы, рухани әлемнің терең сырын ашатын асыл қазына.

Ол арқылы адамзаттың ойы, сезімі, арманы мен тағдыры көрініс табады. Әдебиет – тек сөз өнері ғана емес, ол – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақ санасына ізгілік пен парасат дарытатын тәрбие құралы.

📚Осындай ұлттық руханиятымызды байытуға өлшеусіз үлес қосқан қаламгерлердің бірі – Бексұлтан Нұржекеев. Оның шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алып, оқырман жүрегінен ерекше орын тапты. Жазушы туындылары арқылы ел тарихы, адам тағдыры, ұлттық болмыс терең бейнеленеді.

📚Бексұлтан Нұржекеевтің 85 жылдық мерейтойына орай жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Отырар аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде «Бексұлтан Нұржекеев – ұлттық әдебиеттің көрнекті қаламгері»атты әдеби-рухани кеш өткізілді.

📚Кеш барысында оқушылар мен ұстаздар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы ой бөлісіп, оның туындыларындағы ұлттық құндылықтар, адамгершілік мәселелері мен халық тағдыры жайлы тағылымды пікірлер айтты. Сонымен қатар жазушы шығармаларынан әсерлі үзінділер оқылып, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.

📚Іс-шара барысында мектеп кітапханашысы Жансая Шерехан сөз сөйлеп, қаламгердің шығармашылығына тоқталып, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен маңызын кеңінен баяндады. Кеш мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.