Осыған орай Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі М.Шәріпбекова Т.Ибрагимов жалпы орта мектебінің оқушылары арасында «Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романын бірге оқиық» тақырыбында кітап талдау кешін өткізді.
Кеш барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, «Соңғы көш», «Атамекен», «Тағдыр», «Дарабоз» романдары қазақ халқының елдік жолын, жер мен ер тағдырын, ұлт санасының серпілісін кең көлемде бейнелейтін туындылар екендігі айтылды. "Тағдыр» романы – екі империяның арасында қалған қазақ елінің қасіретті кезеңін арқау еткен, тарихи шындық пен адамдық болмысты ұштастырған көрнекті туынды.Ол – халық жадында сақталған күрделі кезеңдерді суреттейді. Оқырмандар бұл шығармадан Демежан бейнесі арқылы XIX ғасыр соңындағы шекараның бөлінуі халықтың өмірін қалай өзгерткенін түсінді.
Кеш барысында айтылған ойлар мен пікірлер оқырманға шығарманың мәнін тереңірек ұғынуға көмектесті. Кешке қатысушылар әдебиет – тек көркем сөз ғана емес, ол тарихты, тағдырды және адам жанының күрделі әлемін танытатын рухани қазына екенін тағы бір мәрте сезінді деген ойдамыз.
Осындай тағылымы мол шығармаларды оқу арқылы біз өткенімізді танимыз, бүгінімізді бағалаймыз және болашағымыз туралы ойланамыз.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.