Қазіргі ақпарат тасқыны заманында оқырманға дұрыс бағыт-бағдар беру, қажетті деректерді табуға көмектесу - кітапханашылардың басты міндеттерінің бірі. Осы орайда библиографиялық білімнің маңызы ерекше.
Бүгін аудандық орталық кітапханада, ауылдық кітапханашылар арасында библиографиялық сабақ ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты: библиографиялық сауаттылықты арттыру, ақпарат көздерімен тиімді жұмыс істеуді дамыту және кәсіби білім мен тәжірибе жетілдіру.
Сабақ барысында Ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Р.Мақтабекова қатысушыларға библиографияның мәні мен маңызы, библиографиялық құралдардың түрлері және ақпарат іздеудің тиімді жолдары туралы кеңінен түсіндіріп, каталог пен картотеканы пайдалану, оқырман сұранымын сапалы орындау туралы кеңес берді.
Қатысушылар тақырып аясында дайындалған сұрақтарға жауап беріп, өзара пікір алмасты.
Бүгінгі сабақ кітапханашылардың ақпараттық-библиографиялық қызметін жетілдіруге, оқырмандарға сапалы қызмет көрсету деңгейін арттыруға оң ықпалын тигізеді деген сенімдеміз
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.