Балалар кітабы – бұл жай ғана парақтар мен әріптер емес. Бұл – баланың арманына қанат бітіретін, қиялын шарықтататын, жүрегіне жылулық сыйлайтын ерекше әлем. Әр кітаптың ішінде тұтас бір ғажайып өмір жатыр: ертегілер сөйлейді, батырлар ерлік жасайды, ал жақсылық әрдайым жеңіске жетеді.
Кітап оқыған бала – ойлы, арманшыл, рухани бай тұлға болып қалыптасады.
Сондықтан да Балалар кітабы күні – тек мереке емес, бұл – кітаптың қадірін ұғынатын, білімге құштар ұрпақты тәрбиелеудің маңызды сәті. Бүгінгі күні әрбір бала қолына кітап алып, жаңа әлемнің есігін ашсын! Әрбір оқылған бет – жаңа арманға бастасын!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.