Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 мар 2026

АНА – КӘСІПТІҢ ДЕ, ОТБАСЫНЫҢ ДА ШАМШЫРАҒЫ

🌺Көңілге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Аналарымызға деген ыстық сезім, алғыс

пен құрмет ешқашан сөнбек емес.

🌺Осы орайда аудандық орталық кітапханада «Ана – кәсіптің де, отбасының да шамшырағы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кешке арнайы қатысқан зейнеткер-ұстаз Күлзейнет Асан, ұстаз Аманкүл Омар және балалар тіс дәрігері Жұлдызай Қалдыбай бала тәрбиесімен айналыса жүріп, қосымша жұмыс жасау, жетістікке жету туралы сөз қозғап, өздерінің ақыл-кеңестерін, тәжірибелерін бөлісті.

🌺Кеш барысында кітапхана қызметкерлері мен Мәдениет сарайының өнерпаздары қонақтарға әсем әндерін тарту етіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

🌺Кітапхана директоры Роза Пернебаева кешті қорытындылап, қонақтарға алғысын білдіре келе, мерекелік сый-сыяпат жасады.