Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 Наурыз 2026

АЛҒЫ СӨЗДІҢ АСЫЛЫ

📚Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Шәмші Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия кітапханасында 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай «Алғыс сөздің асылы» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.

📚Шара барысында "алғыс" сөзінің тәрбиелік мәні, оның адам бойындағы ізгілік, мейірімділік, құрмет сезімдерін қалыптастырудағы рөлі туралы айтылды. Сондай-ақ оқушылар тарапынан мерекелік ән орындалып, өлеңдер оқылды.

Қатысушылар арасында танымдық ойын ұйымдастырылып, шара көңілді әрі мазмұнды өтті.

📚Сонымен қатар ұстаз Линова Лилия Александровна сөз сөйлеп, алғыс айтудың адам өміріндегі маңызын атап өтіп, оқушыларды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға және әрдайым ризашылық білдіре білуге шақырды. Кездесу барысында жылы атмосфера қалыптасып, қатысушылар өзара алғыс сөздер айтып, әсерлерімен бөлісті.