Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызы, ел дамуы жолындағы рөлі және референдумның қоғам өміріндегі орны кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілік, заң үстемдігі қағидаттары туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Референдум – халықтың ел тағдырына тікелей қатысуының айқын көрінісі. Осы орайда әр азаматтың белсенділігі мен құқықтық сауаттылығы маңызды екені атап өтілді. Ашық пікір алмасу форматында өткен шарада қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзекті мәселелер бойынша пікір білдірді.
#Референдум_2026
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.