Аудандық зағиптар қоғамында «Кішкентай көмек – үлкен үміт» атты мотивациялық сағат өтті.
Шара барысында зағип жандармен ашық әңгіме өрбіп, өмірге деген сенім, жігер мен үміт жайлы сыр қозғалды. Әр адамның жүрегінде жарық сәуле бар екенін, ал сол сәулені жағу үшін кейде кішкентай ғана қолдау жеткілікті екенін тағы бір мәрте сезіндік.
Жылы сөз, шынайы ықылас, кішкентай қамқорлық - үлкен үміттің бастауына айналатыны анық. Осындай кездесулер жан дүниені байытып, бір-бірімізге деген жанашырлықты арттырады.
Біз үшін бұл жай ғана шара емес, жүректерді жақындатқан, мейірімділік пен сенімді нығайтқан тағылымды кездесу болды.
#КішкентайКөмекҮлкенҮміт
#МотивациялықСағат
#ЖақсылықЖасасаңЖарқырайсың
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.