Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 Наурыз 2026

Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында аудандық орталық кітапхана қызметкерлері «Нашақорлықтың адам өміріне тигізетін зардабы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Шарада қоғам дертіне айналған нашақорлықтың зардаптары жан-жақты талқыланды.

Іс-шара барысында кітапхана қызметкері С.Каленова мен мектеп психологы А. Пернебаева жас ұрпаққа есірткінің адам өміріне, денсаулығына, отбасына және қоғамға тигізетін зиянын түсіндіріп, болашағына балта шабатынын нақты деректер арқылы жеткізді.

Оқушылар тақырып аясында өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Іс-шара барысында әр адамның өз болашағына жауапты екені түсіндірілді.