Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
19 Қазан 2026

«Оқуға құштар ұрпақ – ел болашағы» атты дөңгелек үстел

Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Оқуға құштар ұрпақ – ел болашағы» атты дөңгелек үстел мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өткізілді.
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен бұл шарада кітаптың адам өміріндегі орны мен рухани құндылығы айтылып, мемлекеттік қызметшілерге оқуға ұсынылған 15 кітап туралы әңгіме өрбіді.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Құттыбай кітаптың білім мен тәрбиенің қайнар көзі екенін айтып, өскелең ұрпақты кітап оқуға баулып, рухани бай, білімді әрі зерделі ұлт қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы толғау» кітабы мен Ювал Hoah Хараридің «ХХІ ғасырға 21 сабақ» кітабы туралы өз ой-пікірлерін айта келе, кітап оқитын ұлттың ой-өрісі кең, болашағы жарқын болатынына тоқталды.