«Ақылдым» республикалық балалар журналы мен Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен, Отырар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Ақылдыммен ақылдымын» облыстық байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті.Балалардың кітап оқуға және баспасөзге қызығушылығын арттыруды, шығармашылық қабілетін дамытуды, ізденіске баулуды және заманауи технологияларды тиімді пайдалануға бағыт беруді мақсат еткен байқауға 8–15 жас аралығындағы 9 оқырман қатысты.Байқау төрт кезеңнен тұрды:І кезең – «Қалам алдым қолыма…». Қатысушылар өздері таңдаған тұлғаларға арнаған хаттарын таныстырды.ІІ кезең – «Баспасөзбен өсіп келемін». Жас оқырмандар шығармашылық жұмыстарын ұсынып, ой ұшқырлығы мен ізденімпаздығын көрсетті.ІІІ кезең – «Мен оқығанды жақсы көремін». Қатысушылар оқыған шығармалары негізінде әзірлеген жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды.ІV кезең – «Мен ЖИ-ді өзіме қалай жұмыс істеттім». Жас оқырмандар жасанды интеллект көмегімен әзірлеген жобаларын таныстырып, жаңа технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын көрсетті.Қатысушылардың өнері мен біліміне республикалық «Ақылдым» журналы және «Қызмет» газетінің бас редакторы Бейсенкүл Нарымбетова, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы Балалар бөлімінің сектор меңгерушісі Балнұр Жетпісбай және аудандық мәдениет сарайының көпшілік іс-шара ұйымдастырушысы Перизат Әбу сарапшылық жасады.Сарапшылар шешімімен: Бас жүлде – Ескі Шілік ауылдық кітапханасының оқырманы Аңсар Жанәбіл мен Арыс ауылдық кітапханасының оқырманы Асылай Пашан;ІІ орын – Талапты ауылдық кітапханасының оқырманы Бейбіт Жақсыбай мен Отырар ауылдық кітапханасының оқырманы Анел Алпысбай;ІІІ орын – Шытты ауылдық кітапханасының оқырманы Димаш Дүйсенхан, Аққұм ауылдық кітапханасының оқырманы Балауса Баққара және Маяқұм ауылдық кітапханасының оқырманы Балсезім Ердеш иеленді. Басқа қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Барша жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.