🇰🇿25 қазан Республика күніне орай Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оқырмандардың тарихи танымын кеңейту мақсатында «Қыран елім — Қазақстаным» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
🇰🇿Кітап көрмесінен еліміздің тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, туған жердің шежіресі, ұлттық мәдениеті мен әдеби мұралары туралы сыр шертетін кітаптар мен танымдық басылымдар орын алды. Әрбір кітап — өткенімізден тағылым алып, бүгінімізді бағалауға, болашағымызды бағдарлауға жетелейтін рухани қазына.
🇰🇿Қазақстанның көк аспанында қыранын қалықтатқан, бірлігі бекем, болашағы жарқын еліміздің әрбір жетістігі — халқымыздың мақтанышы. Туған елді сүю — оның тарихын білу, тілін құрметтеу, мәдениетін қастерлеу және ел болашағына үлес қосу.
🇰🇿Қыран елім — Қазақстаным!Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, көк байрағымыз мәңгі биікте желбіресін!
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.