2026 жылғы 28 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, халықтың тұрмыс сапасын арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне басымдық берілді. Президент көлік-логистика саласын дамыту, энергетикалық әлеуетті нығайту, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру, шағын және орта бизнесті қолдау бағыттарын атап өтті. Сонымен қатар цифрландыруды кеңейту, жасанды интеллектіні енгізу, білім мен ғылымды дамыту және инфляцияны тежеу міндеттеріне назар аударды. Жолдаудың негізгі мақсаты – экономиканы нығайтып, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және болашақ ұрпаққа дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет қалдыру. Жолдауды тыңдау барысында кітапхана қызметкерлері ел дамуының басым бағыттары мен алдағы міндеттер туралы ақпарат алды. Мұндай маңызды саяси құжаттармен танысу – әрбір азаматтың ел өміріндегі өзгерістерден хабардар болып, қоғам дамуына үлес қосуына мүмкіндік береді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.