Skip to main content
Отырар ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  • Бізге қоңырау шалыңыз
  • +77712480093
  • Біздің мекенжай
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
06 Қараша 2026

«Библиографиялық жұмыс: дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбындағы зерделі кеңес

ЗЕРДЕЛІ КЕҢЕС – КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫН АЙҚЫНДАЙТЫН МАҢЫЗДЫ АЛАҢ

📚Кітап – адамзаттың рухани қазынасы, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Ал кітапхана – сол асыл қазынаны ұрпақ санасына жеткізетін мәдениет пен білімнің алтын көпірі. Заман талабына сай кітапхана жұмысы да жаңарып, жаңа бағыттармен толығып келеді. Әсіресе, оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыруда, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда және ұлттық құндылықтарды насихаттауда библиографиялық жұмыстың маңызы ерекше.
📚Осы мақсатта Отырар кітапханасында ауылдық кітапхана меңгерушілерінің қатысуымен «Библиографиялық жұмыс: дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбында зерделі кеңес ұйымдастырылып, кітапхана саласындағы өзекті мәселелер, библиографиялық қызметтің даму бағыттары, оқырман сұранысын қанағаттандыру және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жолдары кеңінен талқыланды.
📚Зерделі кеңесті кітапхана директоры Р.Пернебаева алғы сөзбен ашып, библиографиялық жұмысты заман талабына сай жаңғырту және кітапхана қызметінің сапасын арттыру туралы сөз қозғады.
📚Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Г.Дәулетова «Ұлт болашағы – кітап оқитын ұрпақ қолында» тақырыбында кітап оқу марафоны аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айта келе, Президент Жолдауындағы негізгі бағыттарға тоқталып, жұмыс барысында орындауға тиісті тапсырмалар берді.
📚Кітапханашы З.Айдарова «Оқитын ұлт – ойлы ұлт» атты кітап көрмесін таныстырып өтті.
Кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Ж. Тәменов зерделі кеңестің «Қоғамға кітап оқыту – біздің басты міндетіміз» бөлімінде кітапхананың әлеуметтік желілердегі белсенділігін арттыру, жаңа кітаптар туралы ақпарат тарату және оқырманмен тұрақты байланыс орнату қажеттігі туралы түсіндіріп өтті.
📚Зерделі кеңестің ерекше назар аударған бағыттарының бірі – өлкетану библиографиясы туралы болды. Ақпараттық библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Р.Мақтабекова «Жергілікті өлкетану бойынша библиографиялық жұмысты дамыту жолдары» атты бөлімде жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын, өлке тарихына қатысты басылымдарды, мерзімді баспасөз материалдарын жинақтап, жүйелеу қажеттігін айта келе, өлке тарихына арналған библиографиялық көрсеткіштер құрастыру, жергілікті қаламгерлер мен тарихи тұлғалар туралы деректер қорын толықтыру жайлы кеңес берді. Сонымен қатар «Кітапхана жұмысындағы библиографияның маңызы» атты бөлімінде библиографияның кітапхана қызметіндегі орны мен маңызына тоқталып, библиографиялық жұмыстың сапалы ұйымдастырылуы кітапхана қорының насихатталуына, оқырман сұранысының қанағаттандырылуына және кітапхананың қоғамдағы беделінің артуына ықпал ететінін айтып өтті. Бүгінгі зерделі кеңес кітапхана саласындағы өзекті мәселелерді саралап, алдағы міндеттерді айқындауға мүмкіндік берген маңызды басқосу болды.