#ӘділҚоғам#СыбайласЖемқорлыққаҚарсымыз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әділ қоғамның негізі Отырар аудандық орталықтандырылған «Отырар» кітапханасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әділ қоғамның негізі» атты пікір алмасу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар - аудандық әкім аппаратының заңгері Асхат Әмірхан және Отырар ауданы ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалымжан Рысқұлұлы қатысты. Кеш барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, азаматтардың құқықтық жауапкершілігі және жаңа Конституциядағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты өзгерістер туралы кеңінен сөз қозғалды. Арнайы шақырылған мамандар тақырып аясында түсіндірме беріп, қатысушылардың сауалдарына жауап қайтарды. Сонымен қатар тарихи тұлғалардың әділдік, адалдық, ар-ұят туралы өнегелі ойлары айтылып, Әл-Фараби, Әйтеке би, Абай Құнанбайұлы, сынды даналардың тағылымды сөздеріне назар аударылды. Шара соңында қатысушылар арасында «Ойда қалған ой» бөлімі өткізіліп, кеш барысында айтылған нақыл сөздерді еске түсіріп, олардың жалғасын табу арқылы танымдық белсенділіктерін көрсетті. Кездесу қорытындысында сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ міндет екені, ал адалдық пен әділдік әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы қажеттігі атап өтілді.#Отырар_аудандық_орталықкітапханасы#Адалдық
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.