Кітап – адамзаттың сарқылмас рухани қазынасы. Оқырман мен кітап арасын жақындату, жаңа әдебиеттерді кеңінен насихаттау – кітапхана жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Белсенді ұзақ өмір, Отырар саз және өнер мектебіне барып, жаңа кітаптарды таныстыру шарасын ұйымдастырды.
Шара барысында мекеме қызметкерлеріне биыл жарық көрген әдеби, тарихи, танымдық және көркем шығармалар ұсынылды. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтар мен тарихымызды дәріптейтін кітаптарға ерекше назар аударылды.
Таныстыру барысында кітаптардың мазмұнына қысқаша шолу жасалып, жаңа әдебиеттер тізімі берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған кітаптар жайлы сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Жаңа кітаптарды насихаттау – қоғамның білім деңгейін көтеріп, рухани мәдениетін байытудың тиімді жолы.
Кітапхана ұжымы алдағы уақытта да оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір болуды жалғастыра береді.
© 2023 Ualihan.
All Rights Reserved.