Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 мар 2026

#Амал_мерекесі_көрісу_күні

🌺Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі – Амал мерекесі, Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – ата-бабамыздан келе жатқан ізгі дәстүр, адамдар бір-бірімен қауышып, амандасып, өкпе-ренішті ұмытып, ақ тілектер айтатын ерекше күн. 🌺Көрісу күні – татулық пен бауырмалдықтың, үлкенге құрмет, кішіге ізеттің белгісі. Осы күні ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырып: «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!» деп ақжарма тілектерін арнайды. 🌺Амал мерекесі – жаңа жылдың бастауы, береке мен бірліктің жаршысы. Ендеше, әр шаңыраққа амандық, денсаулық, молшылық пен қуаныш тілейміз. Ел іргесі тыныш, жұртымыз аман, жылымыз берекелі болсын! Ұлыстың ұлы күні қарсаңында келген бұл мереке баршаңызға құт-береке әкелсін!