Skip to main content
Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Отырарского района
  • Позвоните нам
  • +77712480093
  • Наш адрес
  • Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Нұртас Оңдасынов 2
30 апр 2026

Жасанды интеллект - болашақтың мүмкіндігі

Отырар кітапханасында Кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Жасұлан Тәменовтің ұйымдастыруымен ауылдық кітапханашылар арасында кеңес сабағы өтті.

Сабақта жасанды интеллекттің (ЖИ) негізгі түсініктері мен мүмкіндіктері таныстырылды. Жасанды интеллект – адамның ойлау қабілетіне ұқсас әрекеттерді орындай алатын заманауи технология. Ол мәтін жазу, сұрақтарға жауап беру, ақпаратты іздеу және өңдеу сияқты жұмыстарды жеңілдетеді.

Сабақ барысында қатысушылар ЖИ-ді кітапхана жұмысында қолдану жолдарын үйренді. Атап айтқанда, оқырмандарға қажетті ақпаратты жылдам табу, кітаптарға сипаттама жазу, іс-шараларға мәтін дайындау, жоспар құру сияқты жұмыстарда ЖИ-дің тиімділігі көрсетілді.

Сонымен қатар, жасанды интеллектті дұрыс және жауапкершілікпен пайдалану, ақпараттың шынайылығын тексеру мәселелері де талқыланды.

Бұл сабақ кітапханашылардың заманауи технологияларды меңгеруіне жол ашып, кәсіби қызметін жеңілдетуге және оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуіне үлкен мүмкіндік береді.